From Wikipedia, the free encyclopedia
Хосе Луис Арагонес Суарес (ис. José Luis Aragonés Suárez; 28 шілде 1938 жыл[1], Мадрид — 1 ақпан 2014 жыл, Мадрид) – испандық футболист және жаттықтырушы. Футболшы ретінде «Атлетико Мадрид» футбол клубында өнер көрсеткен. Осы клубтың құрамында бола отырып, 3 дүркін Испания чемпионатының жеңімпазы (1966, 1970, 1973 жылдар). Жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Жаттықтырушы ретінде Испания футбол құрамасын 2008 Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанды. «Барселона», «Атлетико», «Валенсия», «Севилья», «Бетис», «Эспаньол» футбол клубтарында қызмет атқарған.
Луис Арагонес | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Хосе Луис Арагонес Суарес | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайтыс болған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
180 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Луис Арагонес Мадриттің Орталесса ауданында дүниеге келген. Жас футболшыны «Хетафе Депортиво» селекционерлері аңғарды. Кәсіпқой футболшы карьерасын бастайды. 1958 жылы әйгілі «Реал Мадрид» клубында 1960 жылға дейін құрамында ойнаған. Алайда ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмағандықтан Севильяның «Реал Бетис» клубына көшеді.
1961 – 1964 жылдар аралығында 82 матч өткізіп 33 гол соққан.
1964 – 1974 жылдар аралығында «Атлетико Мадрид» клубында өзінің өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, «рохо-бланкос»шабуылының лидері ретінде клубтың тарихында қалған.
1969-70 жылдары Арагонес «Трофео Пичичи» сыйлығымен марапатталды. Себебі, ең мықты бомбордир атанып, 16 гол соққан. Танымал лақап аты «Zapatones» (ауд. Улкен бутсы). Өз карьерасын «Бавария» клубымен ойыннан кейін аяқтайды. Карьералық жолында 3 рет қызыл карточканы алған.
1974-75 сезонында Арагонес «Атлетико Мадрид» клубының жаттақтырушы ұсынысын қабылдайды. Осыдан жаңадан лақап атқа ие болады. Бұл «El Sabio de Hortaleza» (аудармасы Орталеса данасы).
Контракт бітісімен, «Барселона» клубында қызмет етеді. Бұд клубпен Испания кубогын жеңіп алады.
1993 жылы «Севилья» клубының жаттықтырушысы болады. 2 сезон аралығында керемет көрсеткіш көрсете алмады.
2004 жылы Испания құрамасының тізгінін ұстады. 2016 жылғы әлем біріншілігінде 1/8 финалда Франциядан сүрінді. 2008 жылғы Еуропа біріншілігінде финалда 1:0 есебімен Германияны ұтып, чемпион атанды. Осы табыстан соң қызметтен босады да, бір жылдай Түркияның "Фенербахче" клубын баптады.
2014 жылы 1 ақпанда Мадридте қайтыс болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.